7.02.2017, 11:56
Оқылды: 41

Ассамблея аманатын арқалаған

Zelenov Axmet Myrat  Зеленов ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі Ахмет Мурадов арнайы ат басын бұрды. Мәртебелі мейманмен бірге БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов, аталмыш Ассамблея төрағасының орынбасары Данильбек Саратов та келді.


  Аудан әкімі Кәрім Жақыпов төрағалық еткен жиынға аудандық мәслихат депутаттары, аудандық бөлім, мекеме басшылары, ауылдық окург әкімдері, ардагерлер, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, жастар, шаруа қожалық жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты.

  Меймандар алдымен аудан орталығындағы  Достық үйінің жай-күйімен танысты. Сол жерде орналасқан этномәдени орталықтың мүшелері шырқаған әсем әнді тыңдап, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастырған  кітап көрмесін тамашалады.

  Кездесу барысында Ахмет Сейдарахманұлы, Ғайса Хамидоллаұлы сөз алып, жиырма бес жыл ішінде қанатын кеңге жайып қарыштаған еліміздің жағдайын айта отырып, Жолдаудағы жәйттерді егжейлі-тегжейлі елге түсіндіріп, мән-маңызына тоқталды.

  Ауданымызға жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты кездесуден соң аудан орталығындағы Переметный мектебінде болды. Күрделі жөндеуден өткен  аталмыш мектеп Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында  ел игілігіне пайдалануға берілген болатын. Іші-сырты су жаңа кейіпке енген білім ошағының хал-жағдайымен танысқан депутат мектеп ұжымына дән риза болды.

Айшабибі Мәмет

Суреттерді түсірген Динара Насыр

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале