16.10.2022, 12:45
Оқылды: 31

Асық атудан және бес асықтан облыстық турнир басталды

Бөкей ордасы ауданы орталығындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде «Халық Қаһарманы» Хиуаз Доспанованың, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай асық атудан және бес асық спорт түрінен облыстық турнир өтуде.

IMG-20221016-WA0060
Ұлттық ойын сайысына Ақжайық, Бөрлі, Қазталов, Шыңғырлау, Жәнібек ауданының командасы, Жәнібек ауданының спорт клубы командасы, ауданымыздың құрама және спорт клубы командасы қатысуда.
Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев барша спортшыларға сәттілік тілесе, бас төреші Ерболат Ахметов ойын ережесімен таныстырды.

IMG-20221016-WA0069
Екі күнге созылатын сайыстың демеушісі - «Береке» ШҚ жетекшісі Еркін Жабасов. Ерлер арасында І орынға 100 000, ІІ орынға 50 000, ІІІ орынға 30 000 теңге ақшалай сыйлық берілмек.

IMG-20221016-WA0057
Нәзік жанды қатысушыларымыз да құр қол қалмасы анық. Әйелдер арасында І орын иегеріне - 20 000, ІІ орынға - 15 000, ІІІ орынға 15 000 теңге деп белгіленген.

Еркебұлан Бисенғалиев,
Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

IMG-20221016-WA0071

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале