5.04.2022, 10:00
Оқылды: 74

Асыл дініміз – ата-бабалардың ақ жолы

Жұртшылықты бірлікке, ынтымаққа бастауда, жас ұрпақ тәрбиесінде асыл дініміз исламның алар орны ерекше. Әлемде діни алауыздық өршіп тұрған уақытта барша жамағатты бір шаңырақ астына жинап, ата-бабамыз ұстанған дәстүрлі дінімізден адаспау – біздің борышымыз, парызымыз. Сондықтан діни сауатты азаматтардың қыз-жігіттермен дүркін-дүркін кездесулер өткізуі, адамгершілік пен имандылыққа жетелейтін дініміздің құндылығын түсіндіру маңызды. БҚО-ның кіл имамы Бақытжан Құралбайұлының Чапаев ауылы жастарымен кездесуінде бұл тұрғыда кең насихат жүргізілді.

DYHLE6qWsAEJOgs.jpg large

«15 жаста бас болған, 30 жаста орда бұзар» тақырыбымен өткізілген іс-шарада қазақтың атақты би-шешендері мен хакім Абайдың даналығы әңгімеге арқау болды.

– Қазақ халқы ислам дінін қабылдағанына мың жылдан астам уақыт өтті. Қазақ халқының исламдағы  ғасырлар бойы қалыптасқан бағыты – сунниттік, мазхабы – Имам Ағзам Әбу Ханифа. Бұл мәзхабты мұсылман әлемінің барлық ғұламасы ең әділ, ең адами, ең таза деп мойындаған. Халқымыздың ізгілікке, мейірімділікке, бейбітшілікке негізделген діни, мәдени, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлік көзқарасы исламмен астасып жатыр.  Небір игі жақсыларымыз, хандарымыз бен билеріміз, батырларымыз бен ақын-жырауларымыз, оқымысты ғалымдарымыз осы жолда, осы рухта тәрбиеленген. Бүгінгі жастар батыстың жағымсыз үрдістеріне еліктемей, өзіміздің рухани мұрамыздан сусындаса, сонда ғана бір-біріне жанашырлықпен қарайтын, Отанын шын сүйетін, иманды қоғам қалыптастырамыз, – деген облыстың өкіл имамы қазіргі жастардың теріс  қылықтарын сынға алып, халқымыздың атын әлемге танытып жүрген жастарымыздың  есімін мақтанышпен атап өтті. Ол сондай-ақ Тұмар, Қарашаш, Домалақ ана сықылды әйелдердің тарихтағы рөлін, олардың ұлттың өркендеуіндегі кесек тұлғасын сөз етіп, ел басқаруға тек ер-азаматтардың ғана емес, сонымен бірге нәзік жандылардың да таласы бар екенін айтты. Өкіл имам бүгінде айтылып жүрген әйел адам бала-шаға, ошақ қасынан шықпау керек деген таптаурын сөзге байланысты өз пікірін білдірді.

Әсем Есбек,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале