Сырым ауданында «Асыл домбыра» атауымен «Хабар» агенттігі мен «ASSYLTAS» қоғамдық қоры ұйымдастырған телевизиялық байқаудың жеңімпазы БҚО ақындарының титулды сыйлығы «Асыл домбыраны» салтанатты қарсылау шарасы өтті.
20 команданың арасындағы аламанның алдынан келген облыс ақындары Мұрадым Мирланов, Жансая Мусина Жымпитыға арнайы жыр керуенін ала келді.
«Асыл домбыраны» Жымпиты жұртына таныстырып, көрмеге орнату үшін ортаға белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма мүшесі, «Атамекен» өнер ордасының директоры, Батыс ақындарының бас бапкері Бауыржан Халиоллаға сөз ұсынылды.
А.Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz