Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Жетікөл ауылдық округіндегі сапарында «Байқадам» шаруа қожалығында болды.
Шаруашылық қыстағында қазіргі таңда 300 ірі қара, 700 қой қыстатылуда. 100 шақты жылқы іргеде жүр.
Қожалықпен танысқан Төлеген Төреғалиев шаруашылық басшысы Төлеген Әбілқайыровқа мемлекеттік бағдарламалар көмегімен асыл тұқымды мал шаруашылығына көшу, герефорд тұқымды сиырлардың санын көбейту туралы ұсыныс айтты.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz