11.02.2026, 21:00
Оқылды: 5

«Асылбек малды асылдандырамын» дейді

Осыған дейін Бөрлі ауданындағы ата кәсіпті қолға алып, шаруасын дөңгелетіп отырған шаруа қожалықтары туралы жазып келе жатырмыз. Бұл жолы аудан орталығының солтүстік-батыс бағытында орналасқан Дәнелікөл елді мекенінде (Қанай ауылдық округіне қарасты) шаруасын шалқытып отырған Асылбек Бекболатов есімді азаматтың шарушылығымен таныстық.

канай сиыр

«Бекболатов А.Р» шаруа қожалығы мал шаруашылығындағы алғашқы қадамын 2000 жылдары 30 жас бұзаулар сатып алудан бастаған. Әрі қарай шаруашылық иесі - Асылбек Рахметұлы өзі жалғасын.

30 бұзаудан – 300 сиырға дейін

- 2007 жылдары арнайы шаруашылыққа арнап жер телімін алдым. Бұзаудан бастап өсірген мүйізді ірі қараның аналық саны 50 - ге жеткенде, (ол сол 2016 жылдары) Ақбас бұқа алдым,-деп әңгімесін бастаған Бекболат, ата кәсіпті қазір өмірлік кәсіп етуім, сол бала кезден әке қасында жүріп, бірге мал қарасып, атқа мінген сәттердің керемет әсерінен дейді. Сол кездегі 30 бас бұзау, бүгінде 300 сиыр болып өсім берген.

300 аналық сиыр, 10 ақ бас бұқа

- Қазірге жеткен саны осындай. 2 жыл сайын тұқымды өзгертіп тұрамыз. Мемлекеттен берілетін субсидияларға қатысамыз. Субсидияның көп көмегі бар, мал басын арттыруға.
Малды жалпақ қазақтың мал өсіру әдісімен бағамыз. Анау айтқан жаңа технология т.б деген жоқ. Шөпті трактормен әкеп салып, кейін алдарына жайып тамақтануларына ыңғай жасаймыз. Қораның тазалық жұмыстары да бұрынғыша, өзіміз қол еңбегімен тазалап отырамыз.

МТЗ-82. МТЗ-80 2-еу, Т-40, шөп шабатын, шөп жинайтын құралдарымыз бар.

- Жап-жаңа техникаларымыз болмаса да, шаруашылығымдағы мал басына жететін жем-шөпті осы қолдағы ескі техникалармен- ақ қамтамасыз етудеміз. Көлдікті, қырлықты осы техникаларымызбен шабамыз.

3 Ағайынды жігітпіз

- Шаруашылықтың жұмысын 3 ағайынды жігіт болып, игеріп отырған жайымыз бар. Ағам Құрымғали мен інім Ақылбек те азын-аулақ малдарын ортаға қосып, бір-бірімізге демеу болып, бірге шаруашылықты дамытудамыз. Сонымен бірге арамызда күйеу баламыз бар қолқабыс етіп жүрген. Өзімнің де 3 ұлым бар. 2 бала жігіт жасында, дегенмен өкінішке орай, олар малсақ емес. (күлді)

канннай сиыр

Халыққа қолжетімді баға

- Ақбас сиыры – сиырдың етті тұқымы болып келеді. Дегенмен біздер аталық, яғни ақбас бұқа өсіргендіктен көбіне сиыр етін өткіземіз. Онда да жас малдың етін сатылымға шығарамыз. Халыққа қол жетімді бағаға соғым кезінде де өткіземіз. Сөйтіп, жем-шөбін т.б шаруашылыққа қажеттілікті өз-өздері өтеп отырады.

Бас аман болса, арман көп...

- Адамда арман таусылған ба? Адал еңбегімнің жемісін үздіксіз көре берсек деймін. Басқа мамандығым да жоқ, алаңдар. Сол үшін де шығар, алдағы уақытта тек осы мал шаруашылығын кеңейтіп, заманға сай жаңа өзіңіз сұрап өткен жаңа техналогияларды іске қосу да керек. Сиырларымды асылдандырып, етін нарыққа шығаруға (сатуға) бордақыға ұстағым келеді. Оның бәрі әрине уақыттың еншісінде. Бас аман болса, арманға жетуге әрекет те болады ғой. Бастысы еңбек етуге ерінбей, әсіресе мал бағудан алыстамай, мемлекеттің беріп жатқан көмегін пайдаланып, тұрмысыңды жақсартуға ұмтылу керек. Үй жоқ, жұмыс жоқ» деп жүрген қазақ бауырларымды көргенде кейде қарным ашады. Неге ата кәсіпті бастамасқа? Ниет пен ынта болса, мал баққан жанның бәріне бітеді...»,- деп сөзін қортындылады шаруа Асылбек.

«Сиыр бақтым, сидаң қақтым»

Иә, қазақта осындай сөз бар. Яғни Зеңгі баба тұқымын бағып-қағуының қиындығын, оны шығынсыз өсіру оңай еместігін, ол - қажырлы еңбекті, темірдей төзімді талап ететіндігін қазақ осы тіркес арқылы жеткізген. Десе де бүгінгі шаруа кейіпкеріміз ол сөзді «келмеске кеткен ұғым» деп санайды. «Шаруаның көзін табуға ниет танытып, қимылдасаң, сиыр малының шығынынан гөрі табысы мол»,-деді.
Расында шаруаның жайын баққан біледі ғой...

Сәнім Меңдібай
Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале