Бүгін Жаңақала ауданында 2022 жылдың маусымының жабылуына арналған ұлттық ат спорты түрлерінен ашық турнир өтуде.
Турнирге Тасқала, Ақжайық және Жаңақала аудандарының палуандары қатысып жатыр. Сайысқа қатысушылар теңге ілу мен жамбы ату сынды ұлттық спорт ойындарынан бақтарын сынады.
Ендігі кезекте жаппай көкпар ойыны басталып, тақымына серке басқан палуандар қазандыққа салым салуға таласады.
Ат құлағында ойнайтын палуандар мен нысанаға дөп тигізетін мергендердің ойын нәтижесін «Жаңарған өңір» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.
Нұргүл Елтайқызы,
Жаңақала ауданы