15.03.2024, 21:21
Оқылды: 59

Ата дәстүр ұлықталды

Еліміз бойынша бекітілген «Наурызнама» он күндігінің бағдарламасымен ұштастырып, Жалпақтал балалар кітапханасының кітапханашылары өздерінің жұмыс жоспары бойынша Жалпақтал ауылындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, орталықтағы тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді.

IMG-20240315-WA0148

«Көрісу күні» мейрамына арналған шараға ұлттық дәстүрді ұлықтау мақсатымен қариялар үйіндегі тәрбиеленуші ата-әжелер және Кенжебек Меңдәлиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің үшінші сынып оқушылары (сынып жетекшісі Мақпал Дәрментайқызы) қатысып, оқушы қыздар «Жақсы көремін», «Әдемі ана» әндерін орындады. Ал ер балалар болса отбасы, наурыз туралы тақпақтар айтып, тәрбиелік мәні зор осы кездесуде үлкен кісілермен көрісіп, ақ баталарын алса, модульді кітапхананың жетекшісі Мөлдір Ғазезова қарияларға тәттілерден сыйлықтар ұсынды.

- Негізінен, Көрісу күні жасы кішілердің үлкендерге тек амандасып, жақсылық тілейтін мерекесі ғана емес, оларға ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін, ағайын мен туыс арасындағы байланысты бекіте түсетін ежелгі дәстүр екені белгілі. Сондықтан баланы мейірімділік пен адамгершілікке тәрбиелеу басты парызымыз болып қала бермек. Бүгінгі кітапханашылардың ұйымдастырған аталмыш шараның соңында оқушылар қариялардың ақ батасын алса, тәрбиеленуші қарияларымыз өнерлі өрендерге риза болып қуаныштан бір жасап қалды. Табалдырығымыздан аттап тұрған Әз-Наурыз ырысқа толып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - дейді Жалпақтал балалар кітапханасының жетекшісі Ләззат Қалиева.

Қыдыр Харесұлы, 

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале