23.08.2021, 11:00
Оқылды: 33

Ата заң құрметіне турнир өтті

Бәйтерек ауданы Мичурин ауылында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Конституция күніне арналған шағын футболдан ашық турнир өтті. Округ әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған жарысқа ауданның бірнеше ауылынан келген командалар қатысты.

IMG-20210821-WA0037

Қорытындысында үшінші орын Трекин ауылының футболшыларына, екінші орын алаң иелері — Мичурин командасына бұйырса, дарияндық аяқдоп шеберлері бірінші орынды қанжығалады.
Жарыс барысында шебер ойын көрсетіп, командасын алға сүйреген Бекжан Аманов "Үздік қақпашы", Тілекжан Мәлік "Үздік қорғаушы",  Наурызбек Ақтаев "Үздік шабуылшы" аталымдарына ие болса, Азамат Ситалиев турнирдің "Үздік ойыншысы" атанды.

IMG-20210821-WA0039
– Турнир өткізудегі басты мақсатымыз — салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастардың спортқа, әсіресе футбол ойынына деген қызығушылығын арттыру, – дейді Мичурин ауылдық округінің әкімі Максим Мусалимов.

Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале