Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен мектебіміздің 50 жылдығына орай Кеңес Одағының батыры Ахмедияр Құсайыновтың екі бірдей немересі аталарының атындағы мектепке келді. Қайрат Ерсайынұлы мен Бауыржан Нұржанұлы аталарының портреттері мен «Қызыл жұлдыз» орденінің көшірмесін мектеп мұражайына табыстады.

Естеріңізге сала кетсек, Мұратсай елді мекенінде 1971 жылы 1 қыркүйекте бастауыш сынып мектебі ашылған болатын. 1975 жылы «Мұратсай» сегізжылдық мектебі ашылып, 1978 жылы Мұратсай орта мектебі болды. 1990 жылы КазССР Министрлер Советінің жарлығымен мектепке Кеңес Одағының батыры Ахмедияр Құсайыновтың есімі берілді. Мектептің әр жылдары К.Жахатов, О.Набиев, Н.Сабиров, М.Қабиева, Ш.Дүйсенғалиев, А.Нұралиев, Т.Қатауов, Н.Жахатовтар басқарды. Қазіргі уақытта Нұрсұлу Әмірғалиева басшылық жасайды. Биыл А.Құсайынов атындағы мектепке 50 жыл толып отыр.
Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы