31.10.2023, 16:00
Оқылды: 15

Аталған мәселелер назардан тыс қалмайды

Бүгін Тасқала ауданы әкіміне үміткер Талғат Шакиров аудандық кітапхананың оқырман залында С.Жақсығұлов атындағы орта мектеп пен аудандық психологиялық педагогикалық түзеу кабинеті және жас туристер станциясының ұжымымен кездесті.

т3

Кездесуге үміткердің сенімді өкілдері Люция Жұбанышқалиева мен Бақтығұл Тасмағамбетов қатысып, оның еңбек жолымен таныстырды. Сайлаудың маңыздылығына тоқталды. Талғат Асқарұлы да өз кезегінде аудан экономикасының өркендеуіне, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытында төрт жылға жасалған бағдарламасын таныстырды. Кездесуге жиналғандар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Оның ішінде С.Жақсығұлов көшесіне көліктің жылдамдығын тежейтін арнайы кедергі орнату керектігін және жаяу жүргіншілер жолын салуды сұрады.

т2

Сонымен қатар психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің тарлығын айтып, ғимарат пен мекемеге жеңіл автокөліктіктің қажеттілігін алға тартты. Кезектегілерге берілетін тұрғын үй мәселесі де назардан тыс қалмады. Дәрі-дәрмектің де мемлекеттік сатып алу арқылы алынатыны үлкен қолбайлау болып тұрғаны да тілге тиек болды. Үміткер егер халық қолдап сайлауда жетістікке жетсе бұл мәселелер назарға алынатын жеткізді.

Н.Серікқызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале