8.06.2023, 22:19
Оқылды: 23

«Атамекенде» ән шалқыған күн

Қаратөбе ауданының 95 жылдығына орай «Атамекен» өнер ордасында «Туған жерім - тұғырым» халық шығармашылығы фестивалі аясында аудан көркемөнерпаздары «Қаратөбем - ән мен жырдың ордасы» атауымен мерекелік концерт ұсынды.

IMG-20230608-WA0072

Аудан көркемөнерпаздарының сазды бағдарламасының шымылдығын «Ауыл әуендері» халықтық фольклорлық ансамблі «Ұршық» күйімен ашып, «Керім-ай» халықтық би ансамблі бимен көркемдеді.

IMG-20230608-WA0071
Қаратөбе ауданының 95 жылдығына арналған ән кешінде «Елім-ай» әжелер ансамблі мен талантты әнші Таңат Жексенбаев халық әні «Беу, айдайды» шырқаса, термешілер шеруі дәстүрлі әнге сусаған көрермендерді бір желпінтіп тастады. Елімізде өтіп жүрген күй байқауларының жеңімпаздары Қайрат Байғұтты мен Қыдырнияз Егінғали күй тартыста шертпе күй мен төкпе күйді құбылта орындады.

IMG-20230608-WA0073
Одан соң сахна төріне шыққан қыздар мен жігіттер қағытпа қалжыңмен әзілдесіп, халық әні «Ой көкті» қосыла шырқап берді.
Туған жер топырағынан сағыныш сазындай болып жеткен «Қаратөбе вальсі» әнін Жарқын-Аяжан Байтеміровтер, «Ауылды аңсау» әнін Рүстем Ақташев, «Гурьевтік Гузал қыз» әнін «Арын» тобы, «Қазақтың қызы» әнін Медет Оразов, «Айналдым елім» әнін «Барыс» триосы, «Қоскөл кеші» әнін Сәнжан мен Мира Байтеміровтер әуелете шырқап берді.
Қарлығаш Қадырбекқызы би студиясының бүлдіршіндері «Бала ойын» биін билеп берсе, «Қазақстан дауысы. Балалар» ұлттық мега жобасының финалисі Айзат Айдосұлы «Періштем» әнін шырқап көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

IMG-20230608-WA0076
Жоғары деңгейде өткен мерекелік кеште  «Жеті әуен» вокалды аспамтар ансамблі «Сәлем, Қазақстан», «Қаратөбем мекенім» әндерін, «Ақбақай» вокалдық тобы Ескендір Хасанғалиевтің әндерінен попурри орындап, қаладағы жерлестерге туған жердің ыстық сәлемін жеткізді.
Мерекелік бағдарлама Шолпан Қыдырниязованың сөзіне жазылған Таңат Жексенбаевтің әні «Қаратөбем ән мен жырдың отаны» әнімен қорытындыланды.
Сазды кеш соңында Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев сахна төріне көтеріліп қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл мен мәдени демалыс сыйлаған қаратөбелік көркемөнерпаздарға алғысын жеткізді.

IMG-20230608-WA0069

IMG-20230608-WA0079

IMG-20230608-WA0068

IMG-20230608-WA0078

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале