«Қоғамдық жаңғырту» бағдарламасы аясында «Атамның ақ батасы» атты аудандық балалар байқауы өтті.
Байқау «Дән» ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткізілді. Салт-дәстүрімізді дәріптеп, дарынды балаларды таңдап, олардың шығармашылық қаблеттерін дамытуды мақсат еткен байқауға Шыңғырлау және Лұқпан Қылышов атындағы мектептердің төменгі сынып оқушылары қатысты.
Қорытындысында жүлделі бірінші орынды 2 сынып оқушысы Бекарыс Ғазизов, екінші орынды 2 сынып оқушысы Айдана Байгутиева, үшінші орынды Алдияр Назаров иеленді.
Шара соңында оқушыларға дипломдар, ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Динара Төлегенова,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz