Бүгін Казталов ауданына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева арнайы келіп, алғашқы кезекте аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысымен танысты.

Бибігүл Тишанқызы жаңа форматтағы әлеуметтік көмек жәйін егжей-тегжейлі түсіндірді. Көп балалы аналар көкейтесті сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.
Сондай-ақ жиында жәрдемақы, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек, кедейшілік деңгейінің төмен түсіп кетуі, қысқа мерзімді оқыту мәселелері айтылды.
Диана Бақсық
Казталов ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер