Ақжайық ауданының Бударин ауылының тумасы, бүгінде Алматы қаласында кәсіптерін дөңгелетіп отырған ағайынды Елдос пен Айдос Қоспаевтар аталған ауылдағы мектеп жанындағы бөбекжайға көмек көрсетті.
Яғни, қазір 24 бүлдіршін тәрбиеленіп отырған бұл мекемеге 24 кешенді төсек-орын жабдықтары, ыдыстардың неше түрі, оқу тақталары, үстел орындықтары, үтіктер үстелімен қоса, түрлі ойыншықтар – құны 1 млн. теңге тұратын осы заттарды табыстады.
Сондай-ақ олар бүгінде 2 млн. теңгеге Бударин ауылының кіреберісіне жаңа бағаналар орнатып, жарықүнемдегіш шамдар қоюда. Бұл іс жақын күндері аяқталады. Қоспаевтар өткен жазда ауылдағы қорымды қоршауға қомақты қаржы берген болатын.
Бекболат ҚАЛЕНОВ,
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!