4.03.2020, 16:58
Оқылды: 44

Атқа құмар Сәбина

    Қазақта ат жалында ойнаған қаракөз қыздарымыз аз болмаған. Тасқалалық Сәбина Әлібек есімді бүлдіршін – аудандағы ат спорты үйірмесіне қатысып жүрген санаулы қыздардың бірі.

      sabina (1)

– Мен Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің 3-сыныбында оқимын. Жасым – тоғызда. Анам маған кішкентай кезімде әртүрлі қызықты хикаяларды оқып беретін. Солардың ішінен ойымда қалғаны жылқы туралы қызықты әңгіме әрі бұл жануардың әдемі жүрісі маған қатты ұнайды. Жақында ата-анамның рұқсатымен ауданда ашылған ат спорты үйірмесіне жазылдым. Мұндағы мақсатым – атқа мінуді үйрену болатын. Қазір апта сайын ат спорты мектебіне барып, жетекшім Серік Қадырұлының үйретуімен атқа мініп жүрмін. Қасымда С.Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Анастасия Швейк те бар. Сондай-ақ әр жылқының өзіне тән ерекше мінезі бар. Орталықтағы көп жылқының ішінен мен қазір біреуімен достасып та үлгердім. Атқа мініп, серуендей білу де үлкен өнер. Болашақта ат құлағында ойнайтын мықты шабандоз болсам деп армандаймын, – дейді Сәбина бізбен әңгімесінде.

Темірболат Тоқмамбетов

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале