29 мамыр –1 маусым аралығында Атырау қаласында «ЭКСПО–2017 Қазақстан» көрмесі аясында I республикалық «Серпер» балалар шығармашылығы фестиваліне Қаратөбе балалар саз мектебінің баян сыныбының оқушылары қатысып, жүлделі орындардан көрінді.
Аталмыш байқау әртүрлі музыка саласы бойынша ұстаз бен шәкірт арасындағы шығармашылық көпірді нығайтудың, талантты балаларды анықтап, кәсіби музыкалық білімнің нығаюына жол ашу болып табылады.
Бұл байқауға Орал қаласы, Атырау, Ақтау Ақтөбе облыстарына 300-ге жуық жас өнерпаздар қатысты.
Баян аспабы бойынша 18 қатысушы қатысып, қарсыластарынан оза шыққан, ауданымыздың намысын қорғай барған өрендер ұстаз сенімін ақтай білді.
Байқауда Айболат Маратов халық әні «Қамажай», Е.Доганың «Вальс» әндерін орындап I дәрежелі дипломант, Ислам Өтеғалиев «Скансий пласка», Ш.Қалдыаяқовтың «Арыс шағасында» әндерін орындап, II дәрежелі лауреат атанды.
Қаратөбе балалар саз мектебінің баян сыныбының оқытушысы Сержан Серікұлы болса, «Үздік ұстаз» дипломымен марапатталды, – дейді Қаратөбе балалар саз мектебінің директорының орынбасары Мейрамгүл Бақтығалиева.
Тоты ЕСҚАЙЫРОВА
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz