Жаңақала аудандық «Жаңарған өңір» қоғамдық-саяси газетіміз ауылымыздың тыныс-тіршілігін халыққа жеткізуде үлкен үлес қосып келеді. Әсіресе соңғы кезде елдегі күрделі жағдайларды сынға алып, өткір жазып жүр. Оған қоса оқырманға құнды дүниелер, тәрбиеге қатысты танымдық мақалаларын жариялауда. Сондай-ақ аудан көлеміндегі жасалып жатқан тың, серпінді жұмыстарды да жариялайды.
Аптасына бір рет жарық көрсе де мәнді һәм мағыналы материалдарымен көз қызықтырады. Қазіргі кезде аудандық, облыстық, республикалық газеттерге жазылу науқаны қызу жүріп жатыр. Осыған орай жерлестеріміз ең алдымен аудан айнасы «Жаңарған өңір» газетіне жазылып, қолдау білдіруі керек деп ойлаймын.
Газет ұжымына толағай табыс тілеймін, қаламдарың мұқалмасын! Төл газетімізге міндетті түрде жазыламын және ауылдастарды да жаңалық жаршысына айналған газетке жазылуға шақырамын.
Ғинаят Валиев,
Жаңақала ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы