16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні. Ұлық мерекені еліміздің барлық тұрғындары халықтық мейрам ретінде жоғары деңгейде атап өтті. Осы орайда Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов Жалпақтал ауылында тұратын ардагер жолшы Кенжеғали Ақмурзиннің шаңырағында болып, 80 жасты алқымдаған ақсақалды тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтады.
- Жол құрылысы саласындағы ұзақ жылғы еңбегімді ескеріп, тәуелсіздік мерекесіне орай құрмет көрсеткен аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы мен Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Ғаділбек Әлібековке шынайы ризашылығымды білдіріл, ел игілігіндегі еңбетеріне табыс тілеймін! Төл мерекеміз құтты болсын, - деді ардагер жолшы Кенжеғали ақсақал.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz