Теректі ауданы әкімі Тілек Габдушев қазыналы қарттардың мерекесі қарсаңында ауданның бірқатар ардагерлерімен кездесіп, емен-жарқын әңгіме-дүкен құрды.
Аудан қарттарына «Президент» мейрамханасында дастархан жайылып, әр ауылдық округтен келген өкілдер тілек айтып, әсем ән төгілді.
Теректіде 5 мыңнан астам ақсақал мен ақ жаулықты аналарымыз бар екен. Әрине, олардың барлығын бір дастархан басына жинау мүмкін болмас. Дегенмен, әр округтен бірді-екілі қарттарды жинап, оларға көңіл бөлу-құптарлық іс.
Кездесу барысында аудан әкімі Тілек Александрұлы сөз алып, мерекемен құттықтады.
Аудандық мәдени-демалыс орталығы өнерпаздары әсем әннен шашу шашты.
Әділет Әлібек,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz