Бүгін аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев ауданымыздың ардагерлерімен кездесті. Жиында түйіткілді мәселелер қозғалып, көптеген ұсыныс-пікірлер айтылды. Ардагерлер қауымы атынан Тыныштық Өтешқалиев, Шаһидолла Абуғалиев, Қайырғали Жайымов сөз алып, өздерінің ой-пікірлерін айта кетті.
Әрі қарай ардагерлер кезекпен сөз алып, ұсыныстарын айтты. А.Жаңабайұлы ауданымыздың алдағы уақыттағы істеліп жатқан жұмыстарын баяндап, әлі де жұмыстанатынын пікірлерді ескеретінін айта кетті. Алдағы уақытта ардагерлер кеңесі жұмыс істейтінін ескертті.
А.Қазиева,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz