1.03.2026, 12:00
Оқылды: 5

Аудан әкімі Казталов ауданының құрметті азаматын мерекемен құттықтады

Аудан әкімі Асланбек Сарқұлов «Казталов ауданының Құрметті азаматы», Жалпақтал ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғилым Едекешовтың шаңырағында болып, алғыс айту күнімен құттықтады.

FB_IMG_1772281248565

— Бұл мереке – ел бірлігі мен татулығын айшықтайтын, азаматтардың еңбегі мен қоғамға қосқан үлесін бағалайтын айрықша күн. Сіздің өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуына сіңірген еңбегіңіз зор. Өмір жолыңыз бен қызметтегі табандылығыңыз, ел мүддесіне адал көзқарасыңы кейінгі буынға үлгі. Ауданымыздың өсіп-өркендеуіне, қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың нығаюына қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіремін, — деді аудан әкімі.

Ғилым Шәріпұлы еңбек жолында білім беру саласында жауапты қызметтер атқарып, аудандық комсомол комитетінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, мектеп директорының орынбасары, мектеп директоры, аудандық білім бөлімінде әдіскер, нұсқаушы, меңгеруші орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді. Кейін К.Мендалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің директоры болып қызмет атқарды. Сонымен қатар Жалпақтал ауылының әкімі лауазымын абыроймен атқарып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосты. Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатының Жалпақтал филиалын басқарып, мұрағат саласының жүйелі жұмыс істеуіне жетекшілік етті. Қазіргі таңда Жалпақтал ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ауылдың қоғамдық-саяси өміріне үлес қосып келеді.

— Қазіргі уақытта әлемдегі геосаяси ахуалдың тұрақсыздығы баршамызды алаңдатып отыр. Біздің елімізде бейбітшіліктің салтанат құруы Президентіміздің сарабдал саясаты мен халқымыздың бірлігінің арқасында деп білемін. Елдегі соңғы саяси өзгерістер, соның ішінде Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі бастаманың құқықтық мәні зор. Ал осындай сәтте референдумға қатысу әр азаматтың парызы деп білемін, — деген ардагер аудан басшылығына ризашылығын білдірді.

Асылбек Нәсіпқали

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале