Бүгінде 2021 жылдың І жартыжылдығына басылымдарға жазылу жалғасуда. Осы бір науқан кезінде Казталов ауданының әкімі Альберт Есалиев үлгі болар іс жасады.

Республикалық «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда», облыстық «Орал өңірі», «Приуралье» және аудандық «Ауыл айнасы» бас газеттеріне жазылды.
Аудан басшысы Альберт Темірболатұлы: «Қоғамдағы жаңалықты жеткізуші бұқаралық ақпарат құралдары болса, оның ішінде тарихи деректерге толы, халыққа берері мол газеттің орны ерекше. Біздің өлкеміздің тарихында өзіндік орны бар, тіпті өлке тарихымен біте қайнасып, осы өңіріміздің айнасы болып келе жатқан газеттердің қоғамдағы орны ұшан-теңіз. Барлық жерлестерімді, әріптестерімді және мекеме, ұйым басшыларын газетке жазылып, басылымдарға қолдау білдіруге шақырамын!» - дейді.
zhaikpress.kz