15.03.2026, 18:07
Оқылды: 17

Аудан әкімі көше тұрғындарымен бірге дауыс берді

Бүгін аудан әкімі Асланбек Сарқұлов Ы.Сауанов атындағы көше тұрғындарымен бірге аудандық мәдениет үйіндегі №219 учаскеде жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді.

WhatsApp Image 2026-03-15 at 18.52.55

— Халқымыз қашанда бірлік пен ынтымақты ең қымбат құндылық деп білген. Дана Төле би:

«Жалғанда ойлап тұрсаң – бірлік керек,

Бірлікті ойлау үшін – тірлік керек» – деп елді татулыққа шақырған.

Бүгін көршілеріммен бірге Ыбырай Сауанов көшесінің тұрғындары болып, дәстүрлі түрде өз референдум учаскемізге барып, азаматтық таңдауымызды жасадық. Бұл – әрбір азаматтың ел тағдырына бейжай қарамай, мемлекетіміздің келешегіне жауапкершілікпен қарауының айқын көрінісі деп білемін.

Көне түркі заманынан жеткен Білге қағанның «Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ» деген өсиеті әрқайсымыздың жадымызда болғаны дұрыс. Әрдайым бірлігіміз бекем болсын,  — деді аудан әкімі.

 

zhaikpress.kz

WhatsApp Image 2026-03-15 at 18.52.55 (1) WhatsApp Image 2026-03-15 at 18.52.55 (2) WhatsApp Image 2026-03-15 at 18.52.56

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале