1.03.2024, 23:18
Оқылды: 57

Аудан әкімі сырымдық қариялармен кездесті

1 наурыз - Алғыс айту күніне орай Сырым ауданы әкімі Жұмагелді Батырниязов ауданның әр салада еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан қарияларымен кездесті.

1

- Алғыс айту күні - өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқына алғыс айтатын күні екені мәлім. Алайда, сіздердей қазынамызбен көктемнің алғашқы күнінде жүздесіп, алғыс айтып, сіздердің есті әңгімелеріңізді естіп, баталарыңызды алу бір ғанибет. Ұрпаққа ақылшы болар үлкендеріміз, Сіздер аман болыңыздар! - деді аудан әкімі.

Қыстан аман шығып, көктемнің алғашқы күнінде аудан әкімінің қабылдауында болған қариялар кезек-кезек сөз алып, ауылдарының бүгінгі ахуалын, тыныс-тіршілігін тарқатты.

- Алғыс айту күнінде алғысыңызды жаудырып, аға буын деп сыйлап шақырғаныңыз үшін сізге де рақмет. Сіз басқарып отырған ұжымға табыс тілейміз, - деп ағынан жарыла сөйлеп, батасын берді Қособа ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеу Шарифуллин.

Жиын соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев «Ұсынысымызды қабыл алып, мереке қарсаңында аға буынды құрметтеп, қабылдап жатырған аудан әкімі Жұмагелді Жолдыбайұлына алғысымыз шексіз. Ауданның ардагерлері атынан Сырым ауданы әкімдігіне бек рақмет» - деп сөзін түйіндеді М.Әлібекұлы.

333

Еркін форматта өткен жиын соңында аудан әкімдігі атынан ардагерлер мен қарияларға естелік сыйлық табыс етіліп, естелік суретке түсті.

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале