ҚР Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Январцев ауылында аудан әкімі Марат Тоқжанов тұрғындармен кездесті.
Жиында аудан, соның ішінде Январцев ауылдық округі көлемінде өткен 2023 жылы атқарылған атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.
Бірінші болып баяндама жасаған округ әкімі Абылай Жұмағалиев Январцев ауылындағы басты мәселелердің бірі ретінде ауыл мектебіне күрделі жөндеуді қажет ететіндігін және мәдениет ошағының да тозығы жеткені жайында айтты. Ауыл әкімі сондай-ақ түрлі мереке-мейрамдарда аз қамтылған, көп балалы отбасыларға көмек қолын созып жүрген кәсіпкерлерге де алғысын білдірді.
Өз кезегінде сөз алған тұрғындары жолдың қиындық тудырып отырғандығын тілге тиек етті. Мәселен, ауыл тұрғыны В.Павлова үнемі түйіткілді мәселелерді барынша жедел шешіп жүргені үшін аудан әкіміне алғысын білдірді. Валентина Александровна Январцев пен Кирсанов арасындағы жолдың нашарлығын атап өтті.
Тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету де – өзекті. Орталықтандырылған ауыз су тарту үшін құбыр тарту жұмыстары басталды да аяқсыз қалды. Жиында ауыл көшелерін жарықтандыру жайы да сөз болды. Яғни көше шамдарын заманауи түрге ауыстыру қажет.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Марат Тоқжанов есеп барысында қойылған сауалдар мен көтерілген мәселелердің барлығы заң аясында кезең-кезеңімен шешімін табатынын және олардың әрбірінің орындалуы жеке бақылауында болатынын жеткізді.
Айсұлу Қоңырова,
Бәйтерек ауданы
Январцев ауылы