26.09.2023, 11:30
Оқылды: 27

Аудан активінің отырысы өтті

Бүгін Казталов ауданы әкімдігінде аудан активінің отырысы өтті. Аудан әкімі Асланбек Сарқұловтың төрағалығымен өткен жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары қатысты.

20230926033152_IMG_8172

Жиында аудан активі осы уақытқа дейін аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ғаділбек Әлібекұлына құрмет көрсетіп, жаңа жұмысына сәттілік тіледі. Аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы Ғаділбек Әлібекұлына еселі еңбегі, ауданымыздың дамуына қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.

20230926032707_IMG_8167

Айта кетейік, 2023 жылғы 10 қыркүйекте Казталов ауданының Жалпақтал ауылдық округі әкімінің сайлауы өтіп, 693 сайлаушының дауысымен Ғаділбек Әлібекұлы Жалпақтал ауылдық округінің әкімі болып сайланған еді.

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале