16.09.2021, 18:39
Оқылды: 59

Аудан активінің жиналысы өтті

Бүгін Қаратөбе ауданында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмалар мен міндеттерді жүзеге асыру турасында өткен жиында аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев баяндама жасады.

 Актив жиналыс (4)

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе бойынша Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 1 қыркүйектегі  халыққа Жолдауындағы басым бағыттар туралы баяндаған аудан басшысы кәсіпкерлікті дамыту, ветеринария саласын жүйелендіру, елді мекендерді ауыз сумен қамту, денсаулық сақтау саласының жұмысын дамыту және тағы да басқа атқарылуға тиісті жұмыстар туралы айтып, білім саласындағы жеткен жетістіктерге тоқталды.

Актив жиналыс (2)

– Жыл сайынғы Президенттің халыққа Жолдауы елдің ертеңі мен кемел келешегі жолында нақты меже мен міндет, байыпты бастамалар мен жарқын жобалардың жүзеге асуына бағытталады. Әсіресе, заман ағымына сай жаңа белестерді бағындыру, технологияларды игеру және оны дамыту көзделеді. Бұл жолы жастарға басымдық беріліп, оларға сенім артылары ақиқат. Өйткені, болашақ жастардың қолында, сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауының жүгін жастар да жұмыла көтере білуі керек.

Актив жиналыс (3)

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы тұсында халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы, жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы – Мемлекет басшысы көтерген бастамалардың басты бағыты.

Мемлекет басшысы Жолдауда жеке қосалқы шаруашылықтардың мәртебесін қолдау мақсатында арнайы Заң қабылдауды ұсынды.

Аталған Заңның қабылдануымен жеке қожалықтардың құқықтық қатынастары реттеліп, жайылымдық жерлердің тапшылық мәселесі шешіледі және олардың тиімді пайдаланылуына жол ашылады деген сенімдеміз.

Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмаларды орындау жолында әр сала өзіне бағытталған міндеттер мен тапсырмаларды дер кезінде, өз деңгейінде нақты орындап отырса, ешқандай мәселенің туындамайтыны сөзсіз. Сондықтан, бәріміз бірлесе отырып, ұйымшылдықпен жұмыс жүргізуіміз тиіс, - деді аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы.

Жолдауға қолдау білдірген аудандық қоғамдық кеңесі мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рамазан Қыдырашев, аудандық мәслихат депутаты Амангелді Мырзағали, Мұхит атындағы ОЖББМ директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Мәди Қайырғалиевтер халықтың әл-ауқатын арттыру, ауыл шарушылығын өркендету, білім саласы бойынша оң өзгерістер туралы ойларын ортаға салды.

Күн тәртібіне сай аудан активі жиналысының қарары қабылданды.

 

                                                                         Ерболат Мырзағұлұлы,

                                                                              Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале