2.03.2024, 13:00
Оқылды: 14

Аудан ардагерлері Ақпәтерде бас қосты

Казталов ауданы Ақпәтер ауылдық округінде аудан әкімі бастамасымен «Алғыс айту күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ардагерлер — ұрпақ сабақтастығының өзегі» атты аудандық ардагерлер Кеңесінің көшпелі отырысы өтті. 

20240301105802_IMG_5847

Онда ауданға қарасты барлық округтерден келген қонақтар атағы республика көлеміне жайылып, аудан мақтанышына айналған «Ақпәтер тарихи-өлкетану музейін» кеңінен аралап, «Ана мен бала» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Одан кейінгі кезекте құрметті меймандар Ақпәтер орта мектебіне барып, өнерлі өнерпаздардың ән шашулары мен мектеп тарихы баяндалған деректерге қанығып, мәжіліс залында ұйымдастырылған келелі жиында бас қосты.

Аталмыш жиынның тізгінін өз қолына алған аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Жүсіп Шақуов бүгінгі кездесудің маңыздылығына тереңірек тоқтала келіп, күн тәртібі бойынша Жалпақтал ауылындағы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Ғилым Едекешовтің есебіне кезек берді.

Есепті хабарламадан соң Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов сөз алып, 2023 жылда атқарылған жұмыстар бойынша бейнефильмнің көрсетілімі мен 2024 жылға жоспарланған жұмыстардың есептері жайында қысқаша түсінік беріп, меймандарды аудан тынысымен хабардар етті.

20240301133404_IMG_5945

Жақсы күнде бастары қосылған ардагерлердің бүгінгі жиынында атаулы күнге байланысты алғыс айту да, жайсаң жандарды марапаттау рәсімі де назардан тыс қалған жоқ. Ұрпақ жолында көңілге тоқыр тәлім-тағылымы мол аталмыш кездесуден жақсы әсер алған аудан ардагерлері айтулы шараны ұйымдастырған аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлына алғыс айтып, ауылдарына риза көңілмен тарқасты.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале