1.10.2020, 11:11
Оқылды: 17

"Аудан аумағынан өз кәсіптерін ашқысы келетін азаматтарды әрқашан қолдауға дайынбыз"

Бұл туралы БҚО Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған бүгінгі брифингте Сырым ауданының әкімі Т.Төреғалиев айтты.

WhatsApp Image 2020-10-01 at 08.19.25

–  Сырым ауданында биыл қымыз өндіру ісі қолға алынды. Мол өнім өндірген шаруашылықтар қатарында «Правда», «Жайлау», «Уса», «Рахмет» шаруа қожалықтары бар. Есептік кезеңде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен бюджетке 20,8 млн. теңге салық түсiмдерi түссе, соның iшiнде 3,7 млн. теңге заңды тұлғалардан және 17,1 млн. теңге жеке тұлғалардың үлесінде.

Syrym 2

Жыл басынан бері автосервис, наубайхана, автобөлшектер дүкені ашылса, жыл соңына дейін азық-түлік дүкені, мейрамхана, супермаркет, асхана нысандарын ашу жоспарлануда.

Ауданымызда жыл басынан бері көптеген инвестжобалар жоспарланған болатын, алайда орын алған эпидахуал кәсіпкерлеріміздің өз жобаларын түпкілікті жүзеге асыруына кедергі болды.

Жалпы аудан бойынша құны 640 млн. теңге болатын кәсіпкерлік нысандарын ашуға бағытталған жобаларымыз бар. Егер осы жобалар толыққанды жүзеге асқан жағдайда 111 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік болады. Аудан аумағынан өз кәсіптерін ашқысы келетін азаматтарды әрқашан қолдауға дайынбыз.

Тұрғындарға ауыл шаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағада ұсыну мақсатында 7 рет жәрмеңке өтіп, 25,3 тонна өнім, 5,4 млн. теңгеге сатылды, – деп атап көрсетті аудан басшысы.

  zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале