Жаңақала ауданы әкімі Алпамыс Көшкінбаев 2023-2024 оқу жылындағы мектеп оқушылары арасында өткен олимпиаданың республикалық кезеңінен жүлделі орын алған оқушылармен жүздесті.
Жиын барысында дарынды оқушыларға Алпамыс Жаңабайұлы құттықтау тілегін айтып, жылы лебізін білдірді.
Жүлделі оралған жеткіншектер мен жеңіске теңдей ат салысқан пән мұғалімдері алғысхатпен марапатталды. Сонымен қатар ынталандыру мақсатында оқушыларға смартфон мен планшет табыс етілді. Үйде тақымын қысып, тілеуін тілеп отырған ата-аналар да қатысып, алғысхатпен марапатталды.
Ақерке Ғилымхан,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz