8.03.2024, 20:51
Оқылды: 56

Аудан басшысы жаңақалалық нәзік жандыларды қабылдады

Әр тұлғаның еңбегі бағаланып, елі үшін атқарған қызметінің жемісін көргені қуантарлық жағдай. Әсіресе үй мен түздің тұрмыс-тіршілігін қатар алып жүрген әйел заты үшін мақтау мен мадақтау артық етпейді. Айтулы мерекеге орай әр сала қызметкерлері мен ауданға еңбегі сіңген зейнет жасындағы нәзік жандылар Жаңақала аудандық әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаевтың қабылдауында болды.

image-08-03-24-12-29

Халықаралық әйелдер күніне орай жылы лебізін білдіре отыра, алғысхатпен марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар, арнайы дайындалған мерекелік дастарханнан дәм татуды ұсынды.

image-08-03-24-12-29-1

Барлық аналар мен әпкелер кезекті жылы лебіздерін білдіріп, рухани демалыс пен мерекелік көңіл-күй сыйлаған әкімшілік басқармасына өз алғыстарын жеткізді. Мәдени-демалыс орталығының сүйемелдеушілерінің көмегімен түрлі әндер шырқалып, жиналған әйелдер қауымы қосыла әндктті. Жиын соңында естелік суреттерге түсіп, мерекелік кеш аудандық мәдени-демалыс орталығында жалғасын тапты.

Ақерке Мәлікқызы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале