14.08.2023, 17:30
Оқылды: 30

Аудан бюджетіне өзгерістер енді

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ескендір Елемесовтың төрағалығымен аталған кеңестің отырысы өтіп, оған аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, қоғамдық кеңес мүшелері мен бөлім басшылары қатысты.

367477106_817666303696379_4448761854056125000_n

Қоғамдық кеңесте 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев хабарласа, аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының меңгерушісі Балкенже Жамиева аудандық бюджеттің кіріс бөлігін уақтылы қамтамасыз ету бағытында салық төлеушілермен жүргізіліп жатқан жұмыстар, салық заңнамасын бұзушыларға қолданылған шаралар жөнінде тарқатты.

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, көрсетілетін қызметтердің электронды үлесін арттыру және тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді сатып алу барысында ыңғайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асатын мемлекеттік қызметтер бойынша есебін аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешев пен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айтқалиев баяндады.

Мұнымен қоса «Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешім жобасына тоқталды.

Кеңес мүшелері күн тәртібінде қаралған мәселелерді талқылап, өздері пікір алмасып, ұсыныстарын айтты. Соңында аталған мәселелер бойынша қоғамдық кеңес мүшелерінің келісімі берілді.

Әлібек Қаржау,
Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале