13.08.2021, 9:33
Оқылды: 1

Аудан лигасы мәреге жетті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Халықаралық жастар күні қарсаңында  Теректі ауданы лигасы мәреге жетіп, марапаттау рәсімі өтті.

IMG_20210812_232905_250

Бойында жалыны бар, шалқыған шабыты бар, алғыр да сезімі сергек жастарды мерекелерімен алғаш болып аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Рауан Таңатжанұлы құттықтап, жас спортшыларымызды марапаттады. Тінін тарқатсақ,   «Теректі кубогі-2021» турнирі бойынша бірінші орынды «БАТЫС» командасы қанжығаға байлады. Ал жүлделі екінші орынды «Подстепное» командасы жеңіп алса, жүлделі үшінші орынды «Бозай» командасы иеленді.

Ал «Теректі ауданы лигасы — 2021»  турнирі бойынша 1 орын «Теректі груп» командасы иеленсе, 2 орын «Батыс», 3 орын «Бозай» командасына бұйырды. Үздік ойыншыларды «Іс үшін» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлан Жеңісұлы марапаттады. Соның ішінде, «Үздік қақпашы» -  М. Нуханов («Бозай» командасы), «Үздік қорғаушы»  А. Бердников («Батыс» командасы), «Үздік шабуылшы» А. Панашев («Теректі» командасы), «Үздік сұрмерген» А. Нұрғалив («Теректі» командасы), чемпионаттың  ең үздік ойыншысы Д. Каримовтар («Батыс» командасы) марапатпен қатар медальдарға ие болды.

IMG_20210812_232905_285

Сондай-ақ ҚР Тәуелсіздігің 30 жылдығы аясында шағын футболдан «Теректі ауданы лигасы-2021» турнирінің ұйымдастырылуына ат салысып, ауданымыздың спорт саласының дамуына зор үлес қосып жүргені үшін Азамат Ибатов алғысқа бөленді.

Мейрамгүл Сәрсенғалиқыз,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале