12 тамыз – Халықаралық жастар күніне Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумовтың «Жастармен бірге» тақырыбында аудан жастарымен кездесуі өтті.
Бұл кездесуде аудан басшысымен қатар аудандық білім беру бөлімінің басшысы Нұргүл Омарова және «Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасы Медет Қаресов спикер ретінде қатысты.
Өз мерекелері қарсаңында өткелі тұрған шараға ауданымыздың 70-ке жуық белсенді жасы және әр сала қызметкерлері мен мекеме басшылары қатысты.
Еркін форматта өткен шара барысында жастар аудан басшысына сауалдарын қойып, сұхбат құрды.
Кездесуде аудан жастарының саясаты, аудан бойынша атқарылатын жұмыстар жоспары, білім беру саласына қажетті мамандар секілді тақырыптар қозғалды.
Өз кезегінде аудан басшысы үздік жастарды алғысхатымен марапаттады.
Мерекелік шара жастарға арналған «Білімділер додасы» және спорттық сайыстарға жалғасты.
Еркебұлан Бисенғалиев,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz