15.03.2022, 18:00
Оқылды: 46

Ауданбасы қарияларға көрісті

Ынтымақ пен берекенің, татулық пен бірліктің мерекесі саналатын, қыстан аман шыққан елдің Көрісу күні Сырым аудан әкімі Төлеген Төреғалиев пен Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиев елге еңбегі сіңген жасы үлкен қарияларға көрісті.

IMG-20220315-WA0050

Ауданбасы Ким Федянин мен  Қайыржан Нұрмұхановтың шаңырағына барып, көрісіп, қал-жағдайын білді. Сексеннен асқан қариялар аудан әкімінің келгеніне қуанып, әңгімелерін айтып, баталарын берді. Көкірегі қазынаға толы, ақылдың кені  ақсақалдар өмірден түйгендерін де айтуды ұмытпады.

Қазақпен өмірі біте қайнасып, әбден сіңісіп кеткен Ким Николайұлы көрісу күнін бала кезінен асыға күтетінін, жасы үлкенге көрісіп, бата алудың ғанибет екенін айтты.

IMG-20220315-WA0049

Қайыржан Нұрмұханұлы жасынан көріп өскен қазақ халқының салт-жоралғылары туралы әңгімеледі. Ертеде етті емен бөшкеге қалай тұздағанын, сақтағанын, қыз жасауына нелер салынғанын айтты. Рулардың шежіресі, қыстың кетіп, көктемнің шығуы туралы  әңгіме өрбіді.

Шынар Молданиязова, 

Сырым ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале