20.05.2024, 15:30
Оқылды: 65

Ауданда «Қазтест» жүйесі бойынша тестілеу сынағы өтті

Бүгін Жәнібек ауданы орталығындағы А.Оразбаева атындағы негізгі мектебінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мекеме-ұйым қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау мақсатында «Қазтест» диагностикалық тестілеу сынағын ұйымдастырды.

eafda4b0-0bfa-41cc-80ad-9b8527babad1

Тестілеу сынағын Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығынан келген қызметкер өткізді.

Нақтырақ айтсақ, ҚР ҒжБМ-ның Ұлттық тестілеу орталығының өкілі Сәния Сердалина, БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Света Ғаниева, БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бас маманы Самал Тастемірова өткізді.

e9e77c63-cf9c-46c1-8819-305ac97ae97b

Тұтастай алғанда, тестілеуге аудандағы мемлекеттік қызметкерлер, бөлім басшылары, мәдениет қызметкерлері, кітапханашылар, мұғалімдер, аудандық мәслихат депутаттары, барлығы 500 адам қатысты.

 

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале