1.02.2024, 17:00
Оқылды: 32

Аудандық ән байқауы басталды

Шыңғырлау ауданында «Сәлем, Шыңғырлау!» атты аудандық ән байқауы басталды.

424769538_1805424583202635_5202411489913135630_n

Бұл жобада жалпы аудан көлеміндегі әншілер әр түрлі сала мамандарымен жұптасып өнер көрсетеді. Алты кезеңнен тұратын додаға 12 жұп қатысып жатыр.

424899196_1805424453202648_4206991363463851269_n

Әр кезең екі апта сайын өткізіліп, әншілер берілген тақырыптар бойынша өнерлерін паш етеді. Бірінші кезеңде еркін тақырыпта әндер шырқалып, халық өнерпаздармен танысты. Аудандағы, ауылдық округтердегі мәдениет ошақтардың әншілері өздерінің жұптарымен жобаға тамаша дайындықпен келгенін ашылу кезеңіндегі халықтың ыстық ықыласы мен зор қошеметтерінен аңғаруға болады.

Әр жұптың өз жанкүйерлері бар. Олар ауылдық жерлерден келіп ауылдастарына керемет қолдау көрсетіп жатты.

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале