22.11.2021, 11:30
Оқылды: 13

Аудандық чемпионат өтті

Жәнібек ауданындағы спорт мектебінің ғимаратында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай үстел теннисінен 2008, 2009, 2010 жылы туған және одан кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында жекелей және командалық аудандық чемпионат өтті.

30

Жарысқа Жәнібек аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, №1 мектеп лицейі, Т.Жароков, Е.Ниетқалиев, Х.Халиуллин және Ғ.Абдуллин атындағы орта мектептердің оқушылары қатысты.

31

Аудандық чемпионаттың нәтижесінде, командалық жарыста 1, 2, 3 орындарға сәйкесінше БЖСМ, Т.Жароков атындағы мектеп пен №1 мектеп-лицейінің командалары ие болды.

29

2010 жылы туған қыздар арасында 1, 2, 3 орындарды Ж.Қадешова (БЖСМ), Р.Болатова (№1 мектеп-лицей) және М.Асланқызы (Х.Халиуллин ат.ЖББОМ) алды. Ал ұлдар арасында 1, 2, 3 орындардан Б.Ғаллем (БЖСМ), Ю.Азимов (Т.Жароков ат.ЖББОМ) және Д.Қаршыға (№ мектеп-лицей) көрінді. Сонымен қатар, 2008-2009 жылы дүниеге келген қыздар арасында Ә.Меркен (БЖСМ), Ү.Қалығали (Т.Жароков ат.ЖББОМ), А.Уәлихан (БЖСМ) тиісінше 1, 2, 3 орындарды алды. Сол сияқты ұлдардың арасында 1 орынға Д.Жұматов (БЖСМ), 2 орынға Р.Насих (Т.Жароков ат.ЖББОМ) және 3 орынға Ә.Еркеғұлов (Ғ.Абдуллин ат.ЖББОМ) ие болды.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале