Бүгін Жаңақала аудандық мәслихаттың кезектен тыс ІІІ сессиясы өтті. Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында оздырылған сессия жұмысына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев және аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Сессия отырысын аудандық мәслихат төрағасы К.Каменов ашып, жүргізіп отырды.
Жиынның күн тәртібіндегі Жаңақала ауданы әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру туралы мәселе бойынша облыс әкімі Н.Төреғалиұлы сөз алып, аудан әкімінің лауазымына ұсынылған кандидатураның өмірбаянымен таныстырып, ұсыныс берді. Аудандық мәслихат депутаттары тарапынан ұсыныс толық қолдау тауып, Жаңақала ауданы әкімі лауазымына Алпамыс Жаңабайұлы Көшкінбаевтың кандидатурасына келісім берілді.
"Жаңарған өңір",
zhaikpress.kz