Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Балдәурен» аудандық балалар шығармашылығы фестивалі байқауы өткізілді.
Өнерпаздар эстрадалық вокал, хореография, халықтық музыка, халықтық ән, сурет өнері және поэзия жанрлары бойынша өнер көрсетті.
Алпысқа жуық өнерлі өрен қатысқан байқаудың нәтижесінде облыстық кезеңде эстрадалық вокал жанры бойынша Еламан Әлішер, халықтық музыка домбыра жанры бойынша Нұргүл Адиетова, сурет өнері жанры бойынша Фатима Илан бірінші орынға ие болды. Жеңімпаздар облыстық кезеңде аудан намысын қорғайды.
Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz