12.05.2022, 11:14
Оқылды: 29

Әуедоптан қыздар жарысты

Өткен аптада Ақжайық аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен спорт, білім ардагері Екатерина Пальгованың жүлдесі үшін волейболдан 2009-2010 жылы туған кіші жасөспірім қыздар арасында аудандық ашық турнир өтті.

C3742F91-40B3-4AB1-8018-9DB1C623D2A5

Жарыстың ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Руслан Биманов, волейболдан облыстың әйелдер құрама командасының аға жаттықтырушысы Нұрсұлу Хасанова сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ Екатерина Николаевна өзіне осындай құрмет көрсетіп жатқан ұйымдастырушыларға алғысын айттып, спорттың жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын атап өтті.

Бұл сайысқа Атырау облысынан Индер ауданы, Орал қаласы, Қазталов, Сырым, Шыңғырлау ауданы, Чапаев, Алғабас ауылдары және БЖСМ командалары қатысты. Жас өрендердің тартысты өткен бәсекесінде спортшы қыздар келесідей нәтижеге қол жеткізді. «Грация КЗ» І орын, аудандық БЖСМ командасы ІІ орын иеленіп, Сырым және Тасқала ауданы командалары ІІІ орынды өзара бөлісті. Сырымдық Алуа Сисенбаева «Үздік ойыншы», тасқалалық Алтынзер Әділханова «Үздік қорғаушы», оралдық «Грация КZ» командасынан Ксения Арбекова «Үздік шабуылшы» және жерлес спортшылар: Диана Кенжеболатова «Үздік байланыстырушы», Азалия Қобыланды «Үздік қорғаушы» аталымдарын иеленді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы диплом, медалдармен марапатталды.

Айта кету керек, Екатерина Пальгова еңбек жолын балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы болып бастаған, соңынан №1 орта мектепте қызмет етеді. 2020 жылы зейнетке шыққанша шәкірттердің спортқа қабілетін шыңдап, облыс, республикаға танымал волейболшыларды тәрбиелеген. Еңбегі министрлік, облыстық білім басқармасы, аудан әкімінің алғысхаттарымен қошеметтелді.

Нұрбек Ихсан,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале