Оралда «Атадан - мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Ұлы дала - ұрпағы» V республикалық байқауына Бөкей ордасы ауданынан «Әуен» триосы қатысып, бас жүлдені иеленіп, суперфиналға жолдама алды.
Трионың мүшелері Сәкен Жақсығали мен Әбілмансұр Асқар 6-сыныпта оқыса, Ернар Сатым 5-сынып оқушысы. Үшеуі өткен жылдан бері ауылдағы мәдениет үйі жанындағы вокал үйірмесіне қатысып, Артур Табылды, Рауан Қуанышевтей ағаларынан сабақ алып жүр.
Олар осы байқаудан «Қазақстан» сияқты патриоттық әнмен қарсыластарынан қара үзіп, топ жарған екен.
«Әуен» триосын жеңістерімен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт тілейміз.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz