10.02.2024, 9:30
Оқылды: 82

Ауған әндерінен аудандық байқау өтті

Кеше Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен Көпжасар ауылдық мәдениет үйінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауғанның от жалыны» аудандық патриоттық әндер байқауы өтті.

IMG_0904

«Шабыт» би тобының орындауында «Алға Қазақстан» биімен шымылдығы түрілген шарада ауыл әкімі Нұрбол Бектілеу сөз алып, тарих беттерінен азалы, қаралы жылдарымен орын алған Ауған соғысы жөнінде қысқаша баяндап, байқау қатысушыларына сәттілік тіледі.

IMG_0909

2 бөлімнен тұратын ән додасына байқау ережесіне сәйкес 17 жастар жоғары 11 үміткер қатысып, өнерлерін сынға салды.  Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Еслямғалиева, мәдени-демалыс орталығының сүйемелдеушісі Қуанышбек Айдарбеков және Д.Нұрпейісова атындағы орта мектебінің саз жетекшісі Дәулет Жұбанов төрелік еткен сайыста көпжасарлық Ернар Аюпов, қырқопалық Теміржан Ғұбашев пен сарыкөлдік Рита Даутова ІІІ орынды иеленсе, жаңақазандық Мұрағат Бекенов ІІ орынға табан тіреді.

IMG_0991

Дауыс мәнері, орындаушылық шеберлігі, сахналық киімі мен артистік қабілетімен әділқазылардың ғана емес, көрерменнің көңілінен шыға білген Жаңақала ауылының намысын қорғаған Махамбет Нұрахметов І орынның биігінен көрініп, облыстық кезеңге жолдама алды. Байқау жүлдегерлеріне арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды. Кәсіби әнші болмаса да, әнге құштар әуесқой өнерпаздарымызға өнердің емес, өмірдің көгінен көріне беріңіздер дегім келеді.

IMG_0932

IMG_0944

IMG_0920

IMG_0915

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале