Дәл осындай атаумен мәдени-демалыс орталығында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Мәні зор шараны аудандық ішкі саясат бөлімі, жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы М.Дәрменов, ардагерлер мен мектеп оқушылары қатысты.
Құрметті меймандар естеліктерімен бөліссе, мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздары шағын концерттік бағдарламасын ұсынды.
Е.ЕЛЕКЕНОВ
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz