15.02.2024, 11:00
Оқылды: 23

«Ауған асуында от кешкендер»: Шыңғырлауда тарихи-таным сағаты өтті

Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасында «Ауған асуында от кешкендер» тақырыбында кездесу өтті.

428387266_1813502559061504_5378277881536207_n

Тарихи-таным сағаты 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай соғысқа қатысқан аудан ардагерлерін жастарға таныстыру, ерліктерін дәріптеу мақсатында өтті.

Сонымен қатар «Бір көше – бір тарих» жобасы аясында жерлесіміз, интернационалист-жауынгер Дидар Хамитовты еске алу шарасы өткізілді.

428162538_1813502825728144_288324304337074939_n

Кездесуде Қабас Ақбалеев, Нариман Асқаров, Бахытжан Баймұқашев, Мұхтар Дәулетқалиев, Мәлік Дәуітов қонақ болып, өздерінің естелік әңгімелерімен бөлісті.

Отан алдындағы борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан, «Қызыл жұлдыз» ордені, «Интернационал-жауынгер», «Ауғанстанның разы халықтарынан» медальдарының иегері Дидар Хамитовтың қарындасы Шара Төлеуқайырқызы жиынға қатысып, ағасының жарқын бейнесі, көркем мінезі жайында әңгімеледі.

428152013_1813502795728147_4896179644246376975_n

Сондай-ақ оның ауылдасы Қалампыр Жұбаниязова да замандасына қатысты естеліктерін ортаға салды.

Гүлжазира Асу

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале