Теректі ауданы Шағатай ауылдық округінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауған ардагерлеріне тағзым» тақырыбында кездесу кеші өтті.
Шараға Ауған соғысының ардагері Алтай Қосмурзиев қатысып, оқушыларға басынан кешкен оқиғаларын айтып берді.
Алғашқы сөз кезегін алған Шағатай ауылдық округінің әкімі Рүстем Мүтиев құттықтау сөз сөйлеп, ақ тілегін білдірді. Ауылдың өнерпаздары - Армат Жүсіпқалиев «Ағалар» әнін, ал Нұртаза Меңдібаев «Ана - әке» әнін шырқап, жиынға қатысушылардың ыстық ықыласына бөленді.
Қоғалытүбек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Айнұр Кенжеғалиева «Ағаларға арнау» өлеңін мәнерлеп оқыды.
Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Н.Шналиев жылы лебізімен қатар, «Офицеры» әнін шырқады. Шағатай ауылдық кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Қаралы қағаз» атты көрініс қойылды.
Шара соңында ұйымдастырушылар кеш қонағына естелік сыйлығын табыс етті.
Жауһар Нұрым,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz