15.02.2021, 11:08
Оқылды: 77

Ауған соғысының ардагерін құттықтады

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл 32 жыл толады. Жас өмірін жат елдегі соғыста өткізіп, әскери антқа, Отан алдындағы борышына адал болған сол соғыс куәгерлерінің алды бүгінде алпысты алқымдады.

7B065D71-6732-4D31-A7F8-69BC54DFAFBE

Жуырда Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі Ринат Ескендіров, аудандық мәслихат депутаты Нұрлыбек Хайруллин және ауылдық кітапхана жетекшісі Данагүл Алхамова округке қарасты Алмалы ауылында тұратын Ауған соғысының ардагері Асылбек Сакпиреевтің үйіне барып, мерейлі 60 жасымен құттықтады.

– Ауған соғысында болған жауынгерлердің батылдығы елдің есінде. Жат елдің тыныштығын сақтаймыз, бауырлас мемлекетке көмек көрсетеміз деп барған сіздердей жандардың ерлігі еш ұмытылмайды. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз, – деді Ринат Ескендіров.

CAE2083A-018B-4F57-A007-9B581ED8024D

Кейін Нұрлыбек Хайруллин мен Данагүл Алхамова да Асылбек Ислямғалиұлын мерейлі жасымен құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті.

– Ауған жеріне барып, өмірін қатерге тігу біздің ұрпақтың басына бұйырған екен. Енді ел жастары біз көрген қиындықты көрмесін. Тәуелсіз Отанымыздың тыныштығы мәңгі болсын, – деді құрметке разы болған А.Сакпиреев.

Данагүл Алхамова,

Бәйтерек ауданы

Егіндібұлақ ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале