17.02.2025, 15:45
Оқылды: 327

Ауғанның от жалыны

Аудандық мәдени демалыс орталығында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай "Ауғанның от жалыны" атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
image-15-02-25-12-04-3
Кештің құрметті қонақтары Ауған соғысының ардагерлері болды. Қаза болған интернационалист-жауынгерлерді еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды. Батырлық пен  ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестерімізге құрмет көрсетілді.
Аудан  өнерпаздарының орындауында патриоттық рухтағы әндер шырқалды.
image-15-02-25-12-04
Кеш барысында  ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазезұлы жерлес  жауынгерлерге деген жүрекжарды тілегін жеткізді.
image-15-02-25-12-04-1
Айтулы күнге орай аудан көлемінде өтіп жатқан іс-шараларға тоқталып өтті.
image-15-02-25-12-04-4
Тарих қатпарындағы қандай да бір соғыстың өткеніне үңілсек ондағы қазақ деген ұлттан құралған жауынгерлердің рухы биік, ел мен жердің амандығы үшін күрескен батыр тұлғаларымыз қашан да құрметке лайық екендігін айтып өтті.
image-15-02-25-12-04-2
Бақтыгүл Шотанова, 
Тасқала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале