4.04.2023, 16:45
Оқылды: 59

Ауласында – аққу, тотықұс, тасбақа

Бұқара жұртпен бірге сенбілікке шығып, ауыл тазалығына үлес қосқан жанұяның бірі – қызылағаштық Бақтыгереевтер.

IMG-20230331-WA0075

Үйдің иесі Теміржан ағамыз  - еңбекқор азамат. Қызылағаш ауылындағы мектепке барғанда, ауласындағы автокөлік шинасынан, пластик құтылардан жасалған мүсіндерді – хайуанаттарды, пойыздарды, пальма ағаштарын көріп, «Кім жасады екен?» деп сүйсінетін едік. Авторы табылды.

IMG-20230331-WA0079

- Ауылдың тазалығы ауладан басталады, – деген Теміржан Бауыржанұлы тұрмыстық бұйымдардың пайдасыз жатқанын қаламайды. Қадесі тимесе де, көздің көркі болып тұрса дейді. Сосын да, дөңгелектер аққанат аққуға, мың бояулы тотықұсқа, ескі ыдыстар тасбақаға, құлыншаққа, керемет гүлзарларға айналып шыға келеді.

IMG-20230331-WA0120

Қызылағашқа жолыңыз түссе, Темкеңнің «зообағын» Сіз де тамашаларсыз!

IMG-20230331-WA0118

 

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале